Главная » 2025 » Май » 27


Науырзым аудандық балалар кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым — ертеңге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қайғылы оқиғаларды және тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандары туралы мәліметтерді қамтиды. Онда қуғын-сүргінге ұшыраған, еліне деген адалдығы мен ерік-жігерін сақтап қалған адамдар жайлы құжаттар мен материалдар жинақтары қойылған.

Ко дню политических репрессий в Наурзумской районной детской библиотеке была организована книжная выставка «Тарихтан тағылым — ертеңге тағзым», посвященная Дню памяти жертв политических репрессий в Казахстане. Книжная выставка отражает трагически ... Читать дальше »

Просмотров: 23 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.05.2025 | Комментарии (0)


Раздольный жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты еске алу дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ХХ ғасырдың ең қайғылы беттерінің бірі – саяси қуғын-сүргін жылдарын еске алды. Қуғын – халықтың еркіндігіне, ой еркіндігіне қарсы бағытталған қатігез саясаттың көрінісі екендігі айтылды.
Шарада 1930-1950 жылдар аралығындағы қуғын-сүргіннің ауыр салдарына ерекше тоқталынды. Мыңдаған жазықсыз жандар «халық жауы» деген жалған айыппен түрмеге қамалып, атып өлтіріліп немесе жер аударылды. Сталиндік репрессия жылдарында Алаш арыстары – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сынды ұлт зиялыларының жазықсыз жапа ... Читать дальше »

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.05.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбымен ақпараттық сағат өткізді.
Шара барысында өсіп келе жатқан оқырмандар санасына нашақорлықтың адамды аздыратыны, одан аулақ болудың маңыздылығы мысалдар арқылы дәлелденіп, түсіндірілді. Сонымен қатар, адамның ең үлкен байлығы – денсаулық екені айтылып, нашақорлықтың қоғам мен отбасыға тигізетін зияны ерекше атап өтілді. Шара соңында барша жастарды үлкен жауапкершілікпен салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жасалды.
Қазіргі заманда өсіп келе жатқан ұрпақты әр қадамда азғыратын түрлі қауіптерге қарсы тұру үшін ішкі рухани тірек қажет. Бұл тірек адамның қалай өмір сүретініне, ойын немен толтыратынына, қ ... Читать дальше »

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.05.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында 20-31 мамыр аралығында оқырмандар үшін «Денсаулық – зор байлық» атты денсаулық бұрышы көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда кез келген жастағы оқырман өзіне қызықты әрі пайдалы ақпарат таба алады. Көрмеде салауатты өмір салтының негізгі қағидалары, дұрыс тамақтану мен белсенді демалыс жайында жазылған әдебиеттер қойылған.
Ата-аналарға баланың жеке бас гигиенасы ережелерін үйрету, күн тәртібін сақтауға дағдыландыру, спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру жөнінде жазылған әдебиеттер пайдалы болады.
 
В Наурзумской районной детской библиотеке с 20- 31 мая для читателей работает выставка уголок здоровья «Денсаулық –зор байлық». Здесь читатель л ... Читать дальше »

Просмотров: 20 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.05.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында «Жастар арасындағы нашақорлық» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы мәлімет беру, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын түсіндіру арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Түсіндірме барысында білім беру ұйымдарында «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтынудың ауыр салдары, лудомания, интернетке тәуелділік және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
Шара аясында жастарға арналған пай ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.05.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях