
Раздольный ауылдық кітапханасында
«Отбасы – бақыт мекені» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл көрменің мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың маңызын көрсету.
Көрмеге арнайы тақырыпта салынған суреттер қойылып, отбасы жылуын, ынтымағы мен махаббатын бейнелейтін туындылармен безендірілді.
Іс-шара кітапхана оқырмандарына ерекше әсер қалдырып, әр адамның жүрегінде отбасының қадірін тағы бір мәрте ұялатты.
Көрме бірнеше күн бойы жалғасып, ауыл тұрғындары үшін ашық түрде тамашалауға мүмкіндік берілді.
В Раздольненской сельской библиотеке прошла выставка рисунков под названием<
...
Читать дальше »
Просмотров: 20 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 13.05.2025
|
|

Науырзым ауылдық кітапханасында қазақтың қайсар рухты мерген қызы – Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Мерген қыз – Әлия Молдағұлова» атты тарих сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқырмандарға Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін таныстыра отырып,
елін, жерін сүйетін, рухы биік, батыр жүректі патриот жастарды тәрбиелеу.
Сонымен қатар, Отан тарихына деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шара барысында Әлияның балалық шағынан бастап, майдан даласындағы ерлігі мен қайсар мінезі жайлы тағылымды мәліметтер айтылды.
18 жасында қолына қару алып, жауға қарсы шепте шайқасқан Әлияның ержүрек бейнесі қатысушыларды терең тебірентті.
Кездесу соңында соғыс тақырыбына арналған
...
Читать дальше »
Просмотров: 24 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 13.05.2025
|
|

Науырзым ауылдық кітапханасында Аналар күніне орай «Ана — барлық көркемдіктің белгісі» атты әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, анасын құрметтеу арқылы отбасына, туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Аталған кездесуде ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, ауылымыздың қадірлі тұрғындары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары — Нұрмағанбетова Масура апай мен Жуманова Қапура апа арнайы құттықталып, құрметке ие болды.
Кездесу барысында әжелеріміз өмір жолдарымен бөлісіп, отбасы құндылықтары мен өткеннің тағылымды сәттері жайлы естелікт
...
Читать дальше »
Просмотров: 18 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 13.05.2025
|
|

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің бірлесуімен «Қостанайлықтар – ҰОС-ның жерлестері» атты тағылымды еске алу кеші өтті. Шараның негізгі мақсаты – майдангерлердің ерлігін есте сақтау, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихқа деген құрмет сезімін ұялату. Кеш «Отты жылдардың естелігі» атты кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Онда соғыс тақырыбына арналған шығармалар ұсынылды. Әсіресе, жауынгер-жазушылар — Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов және соғыс жылдарын көркем тілмен сипаттаған басқа да қаламгерлердің еңбектеріне ерекше назар аударылды. Бұл туындыларда солдаттың батырлығы, ар-намысы мен табандылығы көрініс тапқан.
Шара барыс
...
Читать дальше »
Просмотров: 13 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 13.05.2025
|
|

Дәмді ауылдық кітапханасында 12 мамыр күні Аналар күніне орай «Әлемдегі ең керемет жан – ол менің анам!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
• Балалардың анаға деген махаббатын ояту мен тереңдету,
• Мейірімділік, құрмет пен алғыс секілді асыл сезімдерді бойларына сіңіру,
• Аналарға қуаныш сыйлайтын жылы, мерекелік орта қалыптастыру.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары осы ерекше күнге орай жүрек тереңінен шыққан бала тілектерін сурет арқылы жеткізді. Әр сурет – аналарға деген балғын махаббаттың, шексіз ризашылықтың көрінісі болды.
12 мая в Дамдинской сельской библиотеке состоялась выставка рисунков под названием «
...
Читать дальше »
Просмотров: 19 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 13.05.2025
|
|
|