
Науырзым ауылдық кітапханасында Аналар күніне орай «Ана — барлық көркемдіктің белгісі» атты әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, анасын құрметтеу арқылы отбасына, туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Аталған кездесуде ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, ауылымыздың қадірлі тұрғындары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары — Нұрмағанбетова Масура апай мен Жуманова Қапура апа арнайы құттықталып, құрметке ие болды.
Кездесу барысында әжелеріміз өмір жолдарымен бөлісіп, отбасы құндылықтары мен өткеннің тағылымды сәттері жайлы естеліктер айтты. Жастарға өнеге боларлық әңгімелер жүрекке жылы әсер қалдырды.
В Наурзумской сельской библиотеке в честь праздника Дня матери прошла встреча под названием «Мама — воплощение всей красоты».
Цель мероприятия: укрепить тёплые и доверительные отношения между матерью и ребёнком, воспитывать доброту, уважение и благодарность к труду матерей, через любовь к матери взрастить любовь к семье и Родине.
Совместно с акиматом мы поздравили уважаемых жительниц нашего аула —
Мансуру Нурмаганбетову и Капуру Жуманову, которые также являются нашими постоянными читателями.
Во время встречи они поделились воспоминаниями о своей жизни, семейными историями и теплыми словами о материнстве.
Их искренние рассказы оставили глубокое впечатление и вдохновили всех присутствующих.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|