
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шолақсай ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің бірлесуімен «Қостанайлықтар – ҰОС-ның жерлестері» атты тағылымды еске алу кеші өтті. Шараның негізгі мақсаты – майдангерлердің ерлігін есте сақтау, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихқа деген құрмет сезімін ұялату. Кеш «Отты жылдардың естелігі» атты кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Онда соғыс тақырыбына арналған шығармалар ұсынылды. Әсіресе, жауынгер-жазушылар — Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов және соғыс жылдарын көркем тілмен сипаттаған басқа да қаламгерлердің еңбектеріне ерекше назар аударылды. Бұл туындыларда солдаттың батырлығы, ар-намысы мен табандылығы көрініс тапқан.
Шара барысында қостанайлық жауынгерлер туралы естеліктер айтылып, олардың ерлігі жастарға үлгі ретінде ұсынылды. Кеңес Одағының Батыры И. Павлов, жаудың дзотын кеудесімен жапқан пулеметші С. Баймағамбетов пен ауыр шайқастарға қатысып, ерлігімен марапатталған И. Сьянов, Л. Беда туралы тағылымды деректер келтірілді. Сондай-ақ, Шолақсай ауылынан майданға аттанған 115 адамның ішінен тек 31 жауынгер ғана елге аман оралғаны туралы мәліметтер жария етілді. Кештің мазмұнын әскери тақырыптағы көрініс, «солдаттық тынығу сәтінде» оқылған өлеңдер, жауынгерлік би ашты. Шараның соңы «Жеңіс күні» әнін бірге шырқаумен, далалық ас мәзірі үлгісіндегі достық дастарханмен және ауыл орталығындағы ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгер жерлестердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен түйінделді. Бұл кеш – өткенді ұмытпай, ерлер есімін қастерлеу, тарихты келер ұрпаққа аманаттау жолындағы маңызды тағылым алаңы болды.
В честь 80-летия Великой Победы Шолаксайская сельская библиотека совместно с Домом культуры провели памятное мероприятие «Костанайцы — земляки, участники Великой Отечественной войны». Основная цель — сохранить память о героизме фронтовиков, воспитать у молодёжи чувство патриотизма и уважения к истории своей Родины.
Мероприятие началось с обзора книжной выставки «Память огненных лет», на которой были представлены произведения, посвящённые военной теме. Особое внимание было уделено книгам писателей-фронтовиков — Бауыржана Момышұлы, Касыма Кайсенова и других авторов, описавших в своих произведениях мужество, честь и стойкость солдат. Во время вечера прозвучали воспоминания о костанайских героях. Были рассказаны истории о Герое Советского Союза И. Павлове, пулемётчике С. Баймагамбетове, закрывшем амбразуру своим телом, и И. Сьянове, прошедшем тяжёлые бои и награждённом за мужество, Л. Беда летчике штурмовике, дважды героя Советского Союза. Также были озвучены сведения о шолаксайцах: из 115 односельчан, ушедших на фронт, домой вернулись только 31.
Памятный вечер был дополнен театрализованной сценкой на военную тему, чтением стихов у «солдатского привала» и военным танцем. Завершилось мероприятие исполнением песни «День Победы», дружеским ужином у «полевой кухни» и торжественным возложением цветов к памятнику воинам-землякаи, павшим в годы Великой Отечественной войны.Этот вечер стал важным примером бережного отношения к истории, памяти о подвигах и уважения к героическому прошлому наших земляков.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|