
2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Бұл — ел тарихындағы аса маңызды және ұмытылмас оқиға. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдың ең ауыр қасіретіне айналып, 1941-1945 жылдар аралығында миллиондаған адамның тағдырын өзгертті.
Арада 80 жыл өтсе де, сол бір қанды жылдардың қайғысы мен мұңы әлі де жүректерде жаңғырып тұр. Әкелер мен аталардың, аналар мен апалардың жанқияр ерлігі ұмытылмақ емес.
Осы айтулы датаға орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды Отанын сүюге, ерлікке, әділдік пен батылдыққа тәрбиелеу, ел саясатын құрметтеуге баулу, ардагерлерге құрмет көрсету.
Шара барысында соғыс тақырыб
...
Читать дальше »
Просмотров: 36 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 30.04.2025
|
|

Шилі ауылдық кітапханасы ауылдық клубымен және Шилі орта мектебімен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ел бірлігінің түп қазығы» атты патриоттық керуен өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ел ішіндегі ұлтаралық бірлік пен татулықты насихаттау, жастарды өзге ұлттардың рухани мәдениеті мен құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Керуен аясында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, түрлі ұлт өкілдерінің өнері мен мәдени мұрасы көрсетілді. Қатысушылар татулық пен ынтымақтың қадірін түсініп, бейбітшілік пен достықтың маңызын терең сезінді.
Мұндай шаралар еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтып, жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсер етеді.
Шили
...
Читать дальше »
Просмотров: 31 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 30.04.2025
|
|

Раздолный жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушылары “Кітапхана түні” атты іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін, және туған өңірлерінің ерекшеліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жетекшілерінің қолдауымен және ата-аналарының демеуінің арқасында оқушылар өздерін жан-жақты көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттері үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапат – олардың ізденісі мен еңбегінің жемісі. Оқушыларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, білім жолында биік белестер тілейміз.
Ученики 5 «А» класса общеобразовательной школы села Раздольное приняли активное участие в мероприятии «Н
...
Читать дальше »
Просмотров: 33 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 30.04.2025
|
|

Қазақстан – көпұлтты, бейбітшілік пен келісімді ту еткен мемлекет. Осы ұлы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Раздольное ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – барлық ұлтқа шаңырақ» атты мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауыл оқырмандары мен әкімшілік ұжымы белсене қатысты.
Шара барысында әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, өз мәдениетін таныстырды. Бұл – еліміздегі ұлттар достығы мен ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар жайлы кітаптар мен әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Көрме оқырмандардың қызығушылығын тудырды.<
...
Читать дальше »
Просмотров: 19 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 30.04.2025
|
|
|