
Қазақстан – көпұлтты, бейбітшілік пен келісімді ту еткен мемлекет. Осы ұлы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Раздольное ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – барлық ұлтқа шаңырақ» атты мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауыл оқырмандары мен әкімшілік ұжымы белсене қатысты.
Шара барысында әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, өз мәдениетін таныстырды. Бұл – еліміздегі ұлттар достығы мен ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар жайлы кітаптар мен әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Көрме оқырмандардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шара достық пен татулықты насихаттап, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.
Казахстан — многонациональное государство, которое возвысилo мир и согласие как высшие ценности. С целью популяризации этих великих идей в сельской библиотеке Раздольное была организована культурная акция под названием «Казахстан — общий дом для всех народов». В мероприятии приняли активное участие читатели села и сотрудники администрации.
Во время мероприятия представители разных национальностей демонстрировали свои национальные костюмы и знакомили присутствующих со своей культурой. Это стало наглядным примером дружбы и единства народов, живущих в нашей стране.
В рамках события была организована книжная выставка под названием «Единством сильны», на которой были представлены книги и литература о разных национальностях и народностях, проживающих в Казахстане. Экспозиция вызвала живой интерес у читателей.
Мероприятие стало настоящим праздником дружбы и согласия, подарив участникам духовное вдохновение.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|