
2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Бұл — ел тарихындағы аса маңызды және ұмытылмас оқиға. Ұлы Отан соғысы ХХ ғасырдың ең ауыр қасіретіне айналып, 1941-1945 жылдар аралығында миллиондаған адамның тағдырын өзгертті.
Арада 80 жыл өтсе де, сол бір қанды жылдардың қайғысы мен мұңы әлі де жүректерде жаңғырып тұр. Әкелер мен аталардың, аналар мен апалардың жанқияр ерлігі ұмытылмақ емес.
Осы айтулы датаға орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты тарихи сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды Отанын сүюге, ерлікке, әділдік пен батылдыққа тәрбиелеу, ел саясатын құрметтеуге баулу, ардагерлерге құрмет көрсету.
Шара барысында соғыс тақырыбына арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар мен қонақтар соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы мол мағлұмат алды.
Ұлы Жеңістің мәні мен маңызы туралы мазмұнды әңгімелер айтылып, қатысушылар Отан үшін от кешкен ерлердің рухына тағзым етті.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың патриоттық сезімін күшейтіп, ел тарихын терең түсінуге жол ашады.
В 2025 году исполняется 80 лет со Дня Великой Победы. Эта дата — важнейшая веха в истории, память о которой живёт в сердцах многих поколений. Великая Отечественная война стала самым трагическим событием XX века, охватившим миллионы судеб.
Прошло 80 лет, но горечь утрат, боль и героизм того времени до сих пор отзываются в душах людей. Подвиги дедов, отцов, матерей и сестёр — священная память для всех нас.
В честь этой знаменательной даты в Наурзумской сельской библиотеке состоялся исторический час под названием «Пусть будет мир на земле».
Цель мероприятия — привить молодому поколению любовь к Родине, воспитать уважение к национальным ценностям, чувство справедливости, отваги и уважения к ветеранам.
На книжной выставке были представлены произведения о войне, биографии героев и документальные материалы, посвящённые вкладу казахстанцев в Победу.
Участники мероприятия с глубоким уважением почтили память героев, отдавших свои жизни за мирное небо над головой.
Подобные мероприятия способствуют формированию гражданского самосознания и патриотического духа у молодёжи, укрепляют связь поколений.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|