Главная » 2025 » Апрель » 15


Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – бесінші сынып оқушыларын жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Іс-шара барысында балалар Сәбит Мұқановтың «Ботакөз», «Сырдария», «Менің мектептерім» секілді шығармаларымен танысып, кітаптардан үзінділер оқыды. Оқушылар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.
Кітапхана қызметкерлері балаларға жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасы жайлы қысқаша мәлімет беріп, көрмені қызықты әрі танымды өткізді. Іс-шара оқушылардың ә ... Читать дальше »

Просмотров: 87 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2025 | Комментарии (0)


Балаларды космонавтика тарихымен таныстыру, ғылым мен техникаға танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында 
Шолақсай ауылдық кітапханасында Космонавтика күніне арналған «Жер, адамға тағзым» атты жарқын да танымдық ғарыш сапары өтті. Қатысушылар —бастауыш мектеп жасындағы балалар болды. Қызықты виртуалды саяхат форматында балалар ғарышты игеру тарихымен танысты, Ю. А.Гагарин – ғарышты бірінші бағындырған адам, Т.Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Т.Мұсабава. Балалар ғарыш кемелері, планеталар, орбитадағы қазіргі өмір туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады.
Бастарына ғарышкерлер шлемің киіп, арнайы фотоаймақ – «зымыран терезесінде» өздері де экипаж мүшелері си ... Читать дальше »

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2025 | Комментарии (0)


Әрбір қоғамның іргетасын қалап, тұрақтылығына тірек болатын – еңбек адамы. Жұмысшы мамандықтары қоғам өмірінде айрықша орын алады. Себебі олардың күнделікті еңбегі, төзімділігі мен кәсіби шеберлігі – еліміздің дамуының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Қазақстан Жұмысшылар жылы» деп жариялауы – осы сала өкілдерінің мәртебесін арттыруға бағытталған тарихи шешім болды.
Осыған орай Науырзым ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен мәдениет үйінің қызметкерлері ауылдық еңбек майталмандарымен бірігіп, «Еңбек адамы – ел тірегі» атты мазмұнды сұхбат кешін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандығын дәріптеу, еңбек адамдарының жетістіктерін бағ ... Читать дальше »

Просмотров: 32 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2025 | Комментарии (0)


Қазақ ғылымының көрнекті өкілі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Шөжеғұлқызы Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Көне жазуларды зерттеген ғалым Мағрипа Жылқыбаева» атты танымдық тарих сағаты өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Іс-шара барысында оқырмандарға ғалымның өмір жолы, ғылыми ізденістері, қазақ ғылымына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен таныстырылды. Әсіресе, оның 1970 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» күміс зереншесіндегі 26 таңбаны зерттеуге 30 жылын арнап, нәтижесінде көптомдық еңбек жазып шыққаны ерекше айтылды. Ғалымның бұл еңбегі &ndash ... Читать дальше »

Просмотров: 51 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях