
Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – бесінші сынып оқушыларын жазушының өмірі мен шығармаларымен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Іс-шара барысында балалар Сәбит Мұқановтың «Ботакөз», «Сырдария», «Менің мектептерім» секілді шығармаларымен танысып, кітаптардан үзінділер оқыды. Оқушылар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.
Кітапхана қызметкерлері балаларға жазушының өмір жолы мен әдеби мұрасы жайлы қысқаша мәлімет беріп, көрмені қызықты әрі танымды өткізді. Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, кітап оқуға деген ынталарын арттырды.
В сельской библиотеке села Раздольное была организована книжная выставка, посвящённая творчеству классика казахской литературы, выдающегося писателя Сабита Муканова. Основной целью мероприятия было знакомство учеников пятого класса с жизнью и произведениями писателя, а также пробуждение интереса к чтению книг.
Во время мероприятия дети познакомились с такими произведениями Сабита Муканова, как «Ботагоз», «Сырдарья», «Мои школы», читали отрывки из книг. Ученики проявили большой интерес к выставке и выбрали для себя понравившиеся книги.
Сотрудники библиотеки кратко рассказали детям о жизненном пути и литературном наследии писателя, сделав выставку познавательной и увлекательной. Мероприятие пробудило у школьников любовь к литературе и усилило их стремление к чтению.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|