
Әрбір қоғамның іргетасын қалап, тұрақтылығына тірек болатын – еңбек адамы. Жұмысшы мамандықтары қоғам өмірінде айрықша орын алады. Себебі олардың күнделікті еңбегі, төзімділігі мен кәсіби шеберлігі – еліміздің дамуының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Қазақстан Жұмысшылар жылы» деп жариялауы – осы сала өкілдерінің мәртебесін арттыруға бағытталған тарихи шешім болды.
Осыған орай Науырзым ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен мәдениет үйінің қызметкерлері ауылдық еңбек майталмандарымен бірігіп, «Еңбек адамы – ел тірегі» атты мазмұнды сұхбат кешін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандығын дәріптеу, еңбек адамдарының жетістіктерін бағалау және болашақ ұрпаққа үлгі ету.
Сұхбатқа көп жылдан бері механизатор болып тұрақты еңбек етіп жүрген ауыл тұрғындары – Жайлаубаев К., Тапалов Ж., Ермағанбетов А., Бейсенбін Б. қатысты. Олар өз мамандықтарының қыр-сырымен, жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, адал еңбек етудің маңыздылығы туралы ой өрбітті. «Егер еңбегің адал болса, табысың да адал болады», – деп өз өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.
Механизаторлардың жұмысы ерте көктемде басталып, күздің соңына дейін жалғасады. Жер жырту, егу, күтіп-баптау, өнім жинау сынды ауыл шаруашылық жұмыстарында техника мен тәжірибе аса қажет. Бұл – күнделікті бейнетті, бірақ абыройлы еңбек.
Основой любого общества является человек труда. Рабочие профессии занимают особое место в жизни страны благодаря своей значимости и сложности. Ежедневный труд, терпение и профессионализм этих людей формируют стабильность и развитие государства. Объявление Президентом Касым-Жомартом Токаевым 2025 года Годом трудящихся Казахстана – это важный шаг к признанию и повышению статуса рабочих.
В связи с этим Наурзумская сельская библиотека совместно с Домом культуры организовала содержательную беседу с местными тружениками под названием «Человек труда – опора страны». Цель мероприятия – поднять престиж рабочих профессий, оценить вклад трудящихся и показать пример подрастающему поколению.
Гостями встречи стали жители села, более 20 лет работающие механизаторами – Жайлаубаев К., Тапалов Ж., Ермаганбетов А., Бейсенбин Б. Они поделились своими профессиональными секретами, опытом и жизненными принципами. «Если труд твой честен – и доход будет чистым», – так звучали слова участников, отражающие их искреннюю любовь к своему делу.
Работа механизаторов начинается ранней весной и продолжается до поздней осени: вспашка земли, посев, уход за посевами и сбор урожая требуют большого мастерства и постоянной занятости. Их труд – незаметен на первый взгляд, но крайне значим для всего общества.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|