
Қазіргі заманда адам жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға болуы қажет. Осыған жетуге әрине кітаптар ерекше көмектеседі! Тұрақты түрде кітап оқу ойды нақты жеткізуге, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, қызықты сұхбаттасушы болуға және өмірден шынайы бақыт алуға мүмкіндік береді.
1 ақпаннан бастап III облыстық онлайн-оқу байқауы «#ОқыЖәнеЖең» басталады. Қостанай облысының әрбір тұрғынына тек кітап оқып қана қоймай, 50 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі беріледі!
2025 жылдың 17 қаңтарында Науырзым аудандық балалар кітапханасы мен мектеп кітапханашысы Кабакова Р. бірлесе отырып, Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері мен орта буын оқушылары арасында «#ОқыЖәнеЖ
...
Читать дальше »
Просмотров: 39 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 20.01.2025
|
|

Мереке ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Тарих ғылымының классигі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды жазушының шығармашылығымен және оның қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесімен таныстыру.
Көрме барысында қатысушыларға Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны, оның тарихи романдары мен әдеби мұрасы жайлы терең мағлұмат берілді. Әсіресе, жазушының «Көшпенділер» трилогиясы мен «Алтын Орда» шығармаларына ерекше назар аударылып, олардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетін ұрпаққа жеткізудегі маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, кітап көрмесі аясында оқырмандармен әдеби пі
...
Читать дальше »
Просмотров: 49 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 20.01.2025
|
|

Өлеңді ауылдық кітапханасы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлиевтің 90 жыл толуына орай «Халық үшін жазамын» тақырыбында әдеби таныстырылым өткізді.
Іс-шара мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Туындыларын оқырман арасында насихаттау.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы шараға қатысушыларды қазақтың белгілі жазушысы, ақыны, қазақтың тұңғыш әнұранының авторларының бірі Қ.Мырза Әлиевтің өмірбаянымен таныстырды. Кеш барысында Қадыр Мырзалиевтің 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби сын мен балаларға арналған кітаптардың авторы екені айтылды. Оның көптеген өлеңдері орыс, неміс, ағылшын, француз, фин, литва, қырғыз, татар және әлемнің басқа тілдеріне ауд
...
Читать дальше »
Просмотров: 23 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 20.01.2025
|
|
|