Главная » 2025 » Январь » 20 » «Тарих ғылымының классигі» кітап көрмесі
10:30
 «Тарих ғылымының классигі» кітап көрмесі


Мереке ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Тарих ғылымының классигі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды жазушының шығармашылығымен және оның қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесімен таныстыру.
Көрме барысында қатысушыларға Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны, оның тарихи романдары мен әдеби мұрасы жайлы терең мағлұмат берілді. Әсіресе, жазушының «Көшпенділер» трилогиясы мен «Алтын Орда» шығармаларына ерекше назар аударылып, олардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетін ұрпаққа жеткізудегі маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, кітап көрмесі аясында оқырмандармен әдеби пікірталас ұйымдастырылып, олардың жазушы шығармашылығына қатысты ой-пікірлері тыңдалды. Іс-шара барысында оқырмандар Есенберлиннің еңбектерінің қазіргі әдебиетке тигізген әсерін талқылап, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

В сельской библиотеке села Мереке была организована книжная выставка «Тарих ғылымының классигі», посвящённая 110-летию выдающегося казахского писателя Ильяса Есенберлина. Основная цель мероприятия заключалась в знакомстве читателей с творчеством писателя и его значительным вкладом в казахскую литературу.
Во время выставки участникам была представлена информация о биографии Ильяса Есенберлина, его исторических романах и литературном наследии. Особое внимание было уделено его трилогии «Кочевники» и произведению «Золотая Орда», которые сыграли важную роль в сохранении и передаче истории и культуры казахского народа следующим поколениям.
В рамках мероприятия также прошла литературная дискуссия с читателями, где обсуждались впечатления и мнения о произведениях Есенберлина. Участники отметили влияние его творчества на современную литературу и высоко оценили вклад писателя в развитие казахской культуры.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 50 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях