
Өлеңді ауылдық кітапханасы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлиевтің 90 жыл толуына орай «Халық үшін жазамын» тақырыбында әдеби таныстырылым өткізді.
Іс-шара мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Туындыларын оқырман арасында насихаттау.
Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы шараға қатысушыларды қазақтың белгілі жазушысы, ақыны, қазақтың тұңғыш әнұранының авторларының бірі Қ.Мырза Әлиевтің өмірбаянымен таныстырды. Кеш барысында Қадыр Мырзалиевтің 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби сын мен балаларға арналған кітаптардың авторы екені айтылды. Оның көптеген өлеңдері орыс, неміс, ағылшын, француз, фин, литва, қырғыз, татар және әлемнің басқа тілдеріне аударылған. Бағдарламада: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, оқушылардың «Көктем», «Апам үшін», «Боз дала» өлеңдерін мәнерлеп оқылды. Кітап көрмесі де дайындалды.
Улендинская сельская библиотека организовала литературное ознакомление под названием «Халық үшін жазамын» в честь дня рождения акына Кадыра Мырзалиева. Цель мероприятия предоставить информацию о жизни и творчестве поэта. Продвижение произведений писателя среди читателей.
На мероприятии присутствовали постоянные читатели библиотеки. Библиотекарь познакомила участников мероприятия с биографией известного казахского писателя, поэта, соавтора первого казахстанского гимна К.Мырзалиева. В ходе вечера было отмечено, что Кадыру Мырзалиеву принадлежит более 50 поэтических сборников, литературно-критических и детских книг. Многие из его стихов переведены на русский, немецкий, английский, французский, финский, литовский, киргизский, татарский и другие языки мира. В программу были включены: информация о жизни и творческой деятельности поэта, чтение учащимися стихов «Көктем», «Апам үшін», «Боз дала». Также была подготовлена книжная выставка.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|