Главная » 2026 » Февраль » 9 » «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев»
17:09
 «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев»


Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай аудандық орталық кітапханамен аудандық мәдениет үйі бірлесіп «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өткізді. «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев» атты кітап көрмесі оқырмандарға жол тартты. Көрмеде ақынның тағдыры мен «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атануының сыры ашылып, Фариза Оңғарсынова мен Тұманбай Молдағалиев сынды алыптардың естеліктері таныстырылды. «Аманат», «Соғады жүрек», «Шолпан» жинақтары арқылы ақынның Отанға, Анаға және Махаббатқа деген шексіз сағынышы дәріптелді. Келген қонақтар арнайы қобдишадан ақынның шуақты өлең жолдарын суырып, жүректеріне рухани аманат түйді. Ақиық ақынның мұрасы — ұрпаққа ұлағат, елге аманат. Кеш барысында Мұқағали жырлары қайта жаңғырып, көрермендерге ерекше рухани азық сыйлады.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях