Главная » 2026 » Февраль » 09


15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Науырзым ауылдық кітапханасында “Ауғанның от жалыны” тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Шараға ауылымыздың ауған соғысының ардагері Есеев Жұбаныш Уәлиұлы арнайы шақырылды. Іс шараның мақсаты: ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. Ардагер оқырмандарға отты жылдардың зардабы, бейбіт өмірдің қадірі туралы кеңірек түсіндіріп қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Іс шара соңында қонағымызға сыйлық табысталды.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай аудандық орталық кітапханамен аудандық мәдениет үйі бірлесіп «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өткізді. «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев» атты кітап көрмесі оқырмандарға жол тартты. Көрмеде ақынның тағдыры мен «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атануының сыры ашылып, Фариза Оңғарсынова мен Тұманбай Молдағалиев сынды алыптардың естеліктері таныстырылды. «Аманат», «Соғады жүрек», «Шолпан» жинақтары арқылы ақынның Отанға, Анаға және Махаббатқа деген шексіз сағынышы дәріптелді. Келген қонақтар арнайы қобдишадан ақынның шуақты өлең жолдарын суырып, жүректеріне рухани аманат түйді. Ақиық ақынның мұрасы &mda ... Читать дальше »

Просмотров: 2 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай "Қазақ поэзиясының патшасы " тақырыбында әдеби таныстыру өткізді. Іс-шара мақсаты : ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру. Ақын поэзиясының идеялық ерекшелігін танытып, тыңдаушылардың поэзияға деген қызығушылығын артыру.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях