Главная » 2025 » Февраль » 27 » «Жамбыл Жабаев – Ұлы Дала абызы» әдеби қонақжай
12:40
 «Жамбыл Жабаев – Ұлы Дала абызы» әдеби қонақжай


Науырзым аудандық балалар кітапханасы 8 «А» сынып оқушыларымен бірге ұлы ақын, теңдессіз суырыпсалма жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев – Ұлы Дала абызы» атты әдеби қонақжай ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – балаларды Жамбыл Жабаевтың әлемімен, оның поэтикалық талантымен, өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Оқушылар Жамбыл Жабаевтың «Халық – менің шын атым», «Жаныс ақынға», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградтық өренім» атты өлеңдерін оқып, «Жамбыл туралы не білеміз?» атты әдеби ойында белсенділік танытты.
Шараның соңында балаларға «Жамбыл мұрасы» атты кітап көрмесіне қойылған ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер таныстырылды.

Наурзумская районная детская библиотека с учащимися  8 «А» провели литературную гостинную «Жамбыл Жабаев –ұлы дала абызы» , посвященную 180 летию великого поэта, непревзойденного импровизатора Жамбула Жабаева.
Целью данного мероприятия является познакомить детей с миром Жамбула Жабаева, его поэтическим талантом, жизнью и творчеством. 
 Учащимися прочитаны  стихи Жамбула Жабаева: « Халық - менің шын атым», «Жаныс ақынға», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградттық өренім» и активно учавствовали в литературной игре «Что мы знаем о Жамбуле?». 
В заключении детей познакомили с литературой о жизни и творчестве Жамбыла Жабаева представленной на книжной выставке «Наследие Жамбула».


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 41 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях