Главная » 2025 » Февраль » 27


Науырзым аудандық балалар кітапханасы 8 «А» сынып оқушыларымен бірге ұлы ақын, теңдессіз суырыпсалма жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев – Ұлы Дала абызы» атты әдеби қонақжай ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – балаларды Жамбыл Жабаевтың әлемімен, оның поэтикалық талантымен, өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Оқушылар Жамбыл Жабаевтың «Халық – менің шын атым», «Жаныс ақынға», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградтық өренім» атты өлеңдерін оқып, «Жамбыл туралы не білеміз?» атты әдеби ойында белсенділік танытты.
Шараның соңында балаларға «Жамбыл мұр ... Читать дальше »

Просмотров: 40 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ОКЖ  қызметкерлері Докучаев жалпы білім беретін мектебінде «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға байқаудың мақсаты: ауыл тұрғындарының назарын заманауи тұлғалардың кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне аудару керек екенін түсіндірді. «#ОқыЖәнеЖең» онлайн оқу байқауын өткізу туралы ережесімен таныстырды, байқаудың ережелері мен 2024 жылғы қорытындысына тоқталды.

#ОқыЖәнеЖең
Сотрудники Наурзумской ЦБС провели агитационную работу по пропаганде областного онлайн-конкурса «#ОқыЖәнеЖең» в Докучаевской общеобразовательной школе. Сотрудники библиотеки озвучили цель конкурса – привлечение внимания жителей села к вопросу раз ... Читать дальше »

Просмотров: 42 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іс-шара өткізді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың даңқын дәріптеу мақсатында ескерткіш маңын қардан тазалап, оған қамқорлық жасады. Бұл шара қоғам назарын тарихи мұраларды сақтау мен ардагерлерге құрмет көрсету мәселесіне аударуға бағытталды.

В Шилинской сельской библиотеке совместно с административными сотрудниками провела благородное мероприятие в рамках акции «Таза Казахстан». В знак уважения к ветеранам Великой Отечественной войны и увековечения их подвига были организованы работы по очистке памятника от снега и уходу за ним. Данная инициатива была направлена ... Читать дальше »

Просмотров: 51 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасында Алғыс күніне орай «Баршаңызға мың алғыс!» шығармашылық сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Алғыс күні туралы мағлұмат беріп, «ризашылық», «рақмет», «алғыс» сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру, өмірге, адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар өмірде кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін айтып, ризашылық білдірудің маңызын талқылады. Отбасы мен достықтың құндылықтары туралы пікір алмасып, жылы лебіздерін қағаздан жасалған жүректерге жазды. Сондай-ақ, жүрекжарды тілектер мен өлең шумақтары оқылды.

В Шилинской сельской библиотеке ко Дню Благода ... Читать дальше »

Просмотров: 52 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)


«Таза Қазақстан» акциясы аясында кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысында шайқаста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті қардан тазарту жұмысын өткізді.  Шара барысында қатысушылар қар үйінділерін мұқият алып тастап, іргелес аумақты тазартты, ескерткіштегі жазуларды мұздан босатып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына мемориалға кіруге мүмкіндік берді.
Бұл жұмыстың мақсаты бейбітшілік пен бостандық үшін жанын қиған батырлардың естелігін сақтау, сондай-ақ мемориалдық орындарға қамқорлық жасаудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару болды.  Шара халық арасында тарихи мұраға деген құрметті, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал етті.

 В рамках ак ... Читать дальше »

Просмотров: 37 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс жүректен шығады» мерекелік іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты – балаларға «алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» секілді адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру. Оқырмандар алғыс айту туралы өз ойларымен бөлісіп, шынайы ризашылық білдірудің мәнін түсінді. Шара барысында адамдар бір-бірін құрметтеп, түсіністік танытқанда ғана жақсы қарым-қатынас орнап, достық қалыптасатыны айтылды. Кеш соңында қатысушылар мозаика құрастырып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

В Наурзумской сельской библиотеке в честь Дня благодарности прошло празд ... Читать дальше »

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.02.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях