Главная » 2026 » Январь » 21 » «Заманымыздың заңғар жазушысы – Медеу Сәрсеке»
18:44
 «Заманымыздың заңғар жазушысы – Медеу Сәрсеке»


Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, публицист, ғалым Медеу Сәрсеке шығармашылығына арналған «Заманымыздың заңғар жазушысы – Медеу Сәрсеке» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, тарихи тұлғалар жайлы жазылған еңбектері арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды насихаттау. Шара барысында Медеу Сәрсекенің өмірбаянына қысқаша шолу жасалып, оның қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан зор үлесі айтылды.
Кітапханашы жазушының ел тарихына, Алаш арыстарына, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне арналған зерттеу еңбектеріне тоқталып, «Қазақтың Қанышы», «Сәтбаев», «Қаныш Сәтбаев және оның заманы» секілді кітаптарына ерекше назар аударды. Оқырмандар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, пікір алмасты.
Шара аясында Медеу Сәрсеке еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларды кітап оқуға, тарихи-танымдық әдебиеттерге қызықтыру мақсатында ұсыныстар берілді. Әдеби-танымдық сағат мазмұнды өтіп, оқырмандар қаламгер шығармашылығы жөнінде мол мағлұмат алды.
Мұндай рухани шаралар жас ұрпақты кітапқа жақындатып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях