Главная » 2026 » Январь » 21


Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, публицист, ғалым Медеу Сәрсеке шығармашылығына арналған «Заманымыздың заңғар жазушысы – Медеу Сәрсеке» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, тарихи тұлғалар жайлы жазылған еңбектері арқылы ұлттық сана мен рухани құндылықтарды насихаттау. Шара барысында Медеу Сәрсекенің өмірбаянына қысқаша шолу жасалып, оның қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан зор үлесі айтылды.
Кітапханашы жазушының ел тарихына, Алаш арыстарына, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне арналған зерттеу еңбектеріне тоқталып, «Қазақтың Қанышы», «Сәтбаев&ra ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Әр қазақ білуге тиіс тұлға» тақырыбында өмірі мен шығармашылығына шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, Абайтану ғылымындағы тарихи рөлін айқындау, ұлттық, әдебиетке сіңірген еңбегін насихаттау және жас ұрпақты ғылымға елдік мұраға адалдық рухында тәрбиелеу.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


«2025–2026 жж. демалыс кезеңіндегі кәмелетке толмағандардың бос уақыты мен қауіпсіздігі» бағдарламасы аясында өткен «Менің отбасымның сүйікті кітабы» атты аудандық байқауда Шолақсай ауылдық кітапханасының оқырмандары— Есщановтар және Қусаиновтар отбасылары жүлделі 2 және 3 орындарға ие болды.
Жеңімпаз отбасыларды Шолақсай ауылының әкімі Оспанова Р. Т. арнайы құттықтап, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары А. Тілеубергеновтың мадақтамасын табыстады.

📚 Отбасылық оқуды дәріптеп, өскелең ұрпаққа үлгі болған жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! 🎉

В рамках программы «Досуг и безопасность несовершеннолетних в пер ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях