Главная » 2019 » Февраль » 15 » Сенің ерлігіңе табынамын.
15:38
 Сенің ерлігіңе табынамын.

Осы тақырыпта ауылдық кітапхана мен мәдениет ұйымдастырушысының ұйымдастыруымен Өлеңді ауылының орта мектебінде оқушыларымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған ерлік сабағы өтті. Ауған соғысының көз жұмған Қазақстандық жерлестеріміздің рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алынды. Іс-шараның ашылуына сөз кезегі алғашқы әскери дайындық мұғалімі Исмагулов Ерболат Керейұлына берілді, ол осындай іс-шараның жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухты тәрбиелейтіндігі туралы айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ешмұрат Расулхан Уәлиханұлы Ауған соғысының зардабы туралы толық түсіндіріп өтті. Кітапханашы Латифа Асылбекқызы Ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беріп, соңынан Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетілді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 415 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях