Главная » 2019 » Февраль » 15

Ақпанның 15 жұлдызында Докучаев орта мектебінің акт залында аудандық орталық кітапханасы аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып "Ауған-сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған..." тақырыбында салтанатты жиын өткізді. Жиын Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналды. Жиынға Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Айсағалиев Е.Ж., Науырзым ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Мәтелеев Қ.Д., Науырзым ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұттақов Б.Ж. және Ауған соғысына қатысқан ардагер жерлестеріміз қатысты.

Просмотров: 495 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2019 | Комментарии (0)

Осы тақырыпта ауылдық кітапхана мен мәдениет ұйымдастырушысының ұйымдастыруымен Өлеңді ауылының орта мектебінде оқушыларымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған ерлік сабағы өтті. Ауған соғысының көз жұмған Қазақстандық жерлестеріміздің рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алынды. Іс-шараның ашылуына сөз кезегі алғашқы әскери дайындық мұғалімі Исмагулов Ерболат Керейұлына берілді, ол осындай іс-шараның жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухты тәрбиелейтіндігі туралы айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ешмұрат Расулхан Уәлиханұлы Ауған соғысының зардабы туралы толық түсіндіріп өтті. Кітапханашы Латифа Асылбекқызы Ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беріп, соңынан Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетілді.< ... Читать дальше »

Просмотров: 415 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2019 | Комментарии (0)

Ақпанның 14 жұлдызында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Науырзым орта мектебінде «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысының ардагері Есеев Жұбаныш Уәлиұлымен кездесу өтті. Кездесуге 6-10 сынып оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Просмотров: 387 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2019 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях