Главная » 2025 » Сентябрь » 11 » «Сан қырлы қаламгердің әлемі» әдеби кездесу кеші
10:11
 «Сан қырлы қаламгердің әлемі» әдеби кездесу кеші


10 қыркүйек 2025 ж Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Науырзым аудандық орталық кітапханасы бірлесіп «Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты әдеби кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге Науырзым ауданының мектеп оқушылары және аудан тұрғындары шақырылды. 
Бұл әдеби кештің басты  мақсаты – өңіріміздегі қалам ұстаған қайраткер тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген ынтасын ояту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Кешіміздің қадірлі қонағы – қаламгерлік өнердің сан алуан қырын қатар игеріп жүрген, қалың оқырманға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал, есімі елге етене таныс ақын, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысы бойынша төрағасының орынбасары, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша гран-при иегері – Абылай Фазылханұлы Маудан.
Ақынға, сөз өнеріне, ұлт руханиятына деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі ретінде Науырзым аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін ұсынып, бүгінгі кештің шымылдығын әнмен ашты.Кеште Абылай Фазылханұлының шығармашылығынан шабыт алған жас өрендеріміз, ақын жырыларын оқуға ниет білдіріп , сөзіне жазылған әндер орындалып, өлендері оқылды.
 
10 сентября 2025 года Костанайская областная универсальная научная библиотека имени Л. Н. Толстого совместно с Наурзумской районной центральной библиотекой организовали литературную встречу под названием «Мир многогранного писателя». На встречу были приглашены школьники Наурзумского района и жители района.
Основная цель литературного вечера – пробудить у подрастающего поколения интерес к книге, воспитать любовь к родному краю через популяризацию жизненного пути и творческого наследия выдающихся деятелей нашего региона.
Почётным гостем вечера стал человек, одинаково успешно освоивший разные грани писательского искусства, хорошо известный как широкой читательской аудитории, так и литературным кругам, имя которого близко и знакомо народу, – поэт, драматург, сатирик, переводчик, заместитель председателя Союза писателей Казахстана по Костанайской области, лауреат гран-при Международного фестиваля творческой молодёжи «Шабыт» в номинации «Литература» – Абылай Фазылханович Маудан.
В знак искренней благодарности и уважения к поэту, к словесному искусству и национальной духовности артисты Наурзумского районного Дома культуры представили своё творчество и открыли сегодняшний вечер песней. В ходе вечера юные таланты, вдохновлённые произведениями Абылая Фазылхановича, выразили желание читать стихи поэта, исполнили песни на его слова и прочли его стихотворения.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 70 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях