
10 қыркүйек 2025 ж Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Науырзым аудандық орталық кітапханасы бірлесіп «Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты әдеби кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге Науырзым ауданының мектеп оқушылары және аудан тұрғындары шақырылды.
Бұл әдеби кештің басты мақсаты – өңіріміздегі қалам ұстаған қайраткер тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген ынтасын ояту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Кешіміздің қадірлі қонағы – қаламгерлік өнердің сан алуан қырын қатар игеріп жүрген, қалың оқырманға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал, есімі елге етене таныс ақын, драматург, сатирик
...
Читать дальше »