Өлеңді ауылы кітапханасы Республика күніне орай «Отаным – менің Қазақстан!» атты ауызша журнал ұйымдастырды.
Бағдарламаның мақсаты: Жас ұрпақтың азаматтық, патриоттық сезімдерін оятып, отанын сүюге тәрбиелеу. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандарына атаулы күннің маңыздылығы түсіндіріліп, «Отан», «Ұлттық рәміздер», «Туған жер» жайында өлең шумақтары және мақал – мәтелдер айтылды. Туған өлкеміздің жазушылары және Қазақстан Республикасы туралы кітаптар дөңгелек үстелде орын алып, оқырмандар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтардан жарыс өткізілді.
Нәтижесінде, оқырмандар Қазақстан Республикасы жайында мол ақпарат алып, оқушылар туған өлкеміз жайында өз білім қоржындарын одан да кеңейте алды.
В честь Дня Республики Казахстан сельская библиотека с Уленды организовала устный журнал «Моя родина – Казахстан!".
Цель данной программы: пробудить у молодого поколения чувства патриотизма и любовь к Родине.
Во время мероприятия был организован круглый стол, где читателям мероприятия было предоставлено информация о значимости данного дня. Было прочитано стихи поэтов соотечественников на тему «Родина», «Родной край». Задавались вопросы о Республике. Было рассказано поговорки и пословицы. Так же, была организована книжная выставка из книг о Республике Казахстан и проведен конкурс среди читателей, где задавались вопросы в виде викторины.
Читатели получили много информации о Республике Казахстан, расширили свой багаж знаний о родном крае.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|