Өлеңді ауылы кітапханасы Республика күніне орай «Отаным – менің Қазақстан!» атты ауызша журнал ұйымдастырды.
Бағдарламаның мақсаты: Жас ұрпақтың азаматтық, патриоттық сезімдерін оятып, отанын сүюге тәрбиелеу. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандарына атаулы күннің маңыздылығы түсіндіріліп, «Отан», «Ұлттық рәміздер», «Туған жер» жайында өлең шумақтары және мақал – мәтелдер айтылды. Туған өлкеміздің жазушылары және Қазақстан Республикасы туралы кітаптар дөңгелек үстелде орын алып, оқырмандар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтардан жарыс өткізілді.<
...
Читать дальше »