Главная » 2026 » Февраль » 5 » «Мұқағали – поэзия тұлпары»
17:03
 «Мұқағали – поэзия тұлпары»


«Мұқағали – поэзия тұлпары» атты әдеби-поэзиялық оқу кеші 6-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа таныту, өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы, терең мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзия әлеміне саяхат жасады. Ақынның туған жерге, анаға, Отанға, адамгершілік пен өмірге арналған жырлары оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.
Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, поэзиясындағы рухани құндылықтар кеңінен сөз болды. Оқушылар ақын өлеңдеріндегі шынайылық пен сыршылдықты сезініп, өз ойларымен бөлісті.
Әдеби-поэзиялық кеш оқушылардың рухани дүниесін байытып, поэзияға деген қызығушылығын арттырды. Мұқағали жырлары жас ұрпақтың жүрегінен орын алып, мәңгілік мұра екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 29 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях