
Дәмді ауылдық кітапханасында вандализм мәселесіне арналған «Бүлінген мүлік – бүлінген қоғам» атты ескерту сағаты ұйымдастырылды. Тағылымды шара барысында қоғамдық құндылықтарды қастерлеу, ортақ мүлікке жанашырлықпен қарау және тәртіп пен жауапкершіліктің қоғам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталды.
В Дамдинской сельской библиотеке был организован час предупреждения на тему вандализма под названием «Бүлінген мүлік - бүлінген қоғам». В ходе познавательного мероприятия широко пропагандировались бережное отношение к общественным ценностям, забота об общем имуществе, а также значение порядка и ответственности в жизни общества.
|

«Мұқағали – поэзия тұлпары» атты әдеби-поэзиялық оқу кеші 6-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа таныту, өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы, терең мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзия әлеміне саяхат жасады. Ақынның туған жерге, анаға, Отанға, адамгершілік пен өмірге арналған жырлары оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады.
Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, поэзиясындағы рухани құндылықтар кеңінен сөз болды. Оқушылар ақын өлеңдеріндегі шынайылық пен сырш
...
Читать дальше »
|

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға баулу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында "Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі" атты портреттік кеші өтті. Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мәлімет берілді. Оқырмандар ақынның «Үш бақытым», «Мен таулықпын», «Поэзия» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, ақын өлеңдеріне жазылған әндерден үзінді тыңдатылды. Қатысушылар кештен жақсы әсер алып, ақынның кітаптарын оқуға қызығушылық танытты.
В Улендинской сельс
...
Читать дальше »
|

Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құндылығы» тақырыбында кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті. Салтанатты шара аясында оқырмандар назарына егемендігіміздің шежіресін шертетін бірегей басылымдар ұсынылды. Тұсаукесер барысында: ел тарихындағы елеулі оқиғалар сараланды, Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген сирек кітаптар таныстырылды. Келген қонақтар рухани әсер алып, пікір алмасты. Бұл көрме — өткенге тағзым, болашаққа бағдар. Азаттықтың ақ таңын ұлықтайтын көрмеміздің есігі баршаңызға ашық!
|

Науырзым ауылдық кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың 95- жылдығына орай “Қазақ поэзиясының символы” атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Көрмеге Мұқағали Мақатаевтың шығармалары , өлеңдер жинағы мен аудармалары қойылды . Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру. Оқырмандарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге , адамгершілікке , отан сүйгіштікке тәрбиелеу . Мұқағали Мақатаевтың ақындық талатын оқырман жүрегіне ұялату , өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
|
|