Главная » 2025 » Январь » 27 » «Ұлттық әдебиетті бірге оқиық!» әдеби-танымдық кітап көрмесі
10:24
 «Ұлттық әдебиетті бірге оқиық!» әдеби-танымдық кітап көрмесі


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлттық әдебиетті дәріптеу, отандық жазушылардың шығармаларын ұлықтау, рухани мұраны сақтау және жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында Шилі ауылдық кітапханасында «Ұлттық әдебиетті бірге оқиық!» атты әдеби-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Биыл ел болып қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, жазушы Тәкен Әлімқұлов пен әйгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын оқимыз. Әсіресе, биыл Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл екі тұлғаның есімі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгіге алтын әріптермен жазылады.
Көрмеге келген оқырмандар үшін жазушы мен ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұматтар беріліп, олардың әдеби мұралары таныстырылды. Оқырмандар әдебиетіміздің асыл қазыналарына шолу жасап, жазушы мен ақынның шығармашылық әлеміне саяхат жасады. Сонымен қатар, Жұмекен Нәжімеденовтың отансүйгіштік, табиғат пен адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері оқылып, Тәкен Әлімқұловтың прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыстың көріністері талқыланды.
Бұл көрме арқылы оқырмандар қазақ әдебиетінің биік тұлғаларының мұрасына жақын болып, олардың шығармаларын түсініп, құрмет сезімдерін өсірді. Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов – қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше қолтаңба қалдырған талантты тұлғалар. Ендеше, баршамыз олардың құнды мұрасын оқып, рухани байлығымызды бірге дәріптейік!

В рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга» с целью популяризации национальной литературы, сохранения духовного наследия, пропаганды произведений отечественных писателей и привлечения молодёжи к чтению книг в Шилинской сельской библиотеке была организована литературно-познавательная книжная выставка под названием «Ұлттық әдебиетті бірге оқиық!».
В этом году вся страна читает произведения выдающихся представителей казахской литературы – писателя Такена Алимкулова и известного поэта Жумекена Нажимеденова. Особенно важно отметить, что в этом году отмечается 90-летний юбилей со дня рождения Жумекена Нажимеденова. Эти два имени навсегда останутся в истории казахской литературы и культуры.
Посетители выставки смогли узнать больше о жизни и творчестве писателя и поэта, а также познакомиться с их богатым литературным наследием. Были представлены обзоры произведений, проведены обсуждения, а также прочтены патриотические, природные и нравственные стихи Жумекена Нажимеденова. Прозу Такена Алимкулова, пронизанную национальным духом, также обсудили с читателями.
Благодаря выставке читатели смогли ближе познакомиться с творчеством выдающихся личностей и осознать их вклад в развитие казахской литературы. Такен Алимкулов и Жумекен Нажимеденов – талантливые авторы, оставившие глубокий след в литературе. Давайте вместе читать их произведения и сохранять наше духовное наследие для будущих поколений!


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 59 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях