Главная » 2025 » Январь » 27


Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Раздольный ауылдық кітапханасында «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Атаулы көрме соғыс жылдарындағы халықтың батырлығы, ерлігі мен рухының беріктігі, сондай-ақ жеңіске қосқан елеулі үлесіне арналды.
Көрмеге Ұлы Отан соғысының тарихи кітаптары, майдангерлердің естеліктері, ардагерлер туралы деректер, сонымен қатар сол дәуірдің фотосуреттері мен әдеби шығармалары қойылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты тарихпен таныстыру, батырлардың есімін ұмытпау және патриоттық рухты нығайту.

В рамках мероприятий, посвященных 80-летию Победы, в Раздольненской сельской библиотеке была организована специальная книжная выставка под ... Читать дальше »

Просмотров: 49 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.01.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Ауданымыздағы киелі жерлердің рухани маңызы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ауданымыздың киелі орындарының тарихи және рухани маңызын түсіндіру. Шара барысында киелі жерлердің әрбір атауының ерекше мәні мен терең тарихы бар екені айтылып, тыңдаушыларға қысқаша мағлұмат берілді. Сонымен қатар, бұл орындардың мәдени мұра ретінде маңыздылығы талқыланып, жас ұрпақты оларды құрметтеуге шақырды.

В сельской библиотеке села Мереке прошел информационный час «Ауданымыздағы киелі жерлердің рухани маңызы». Цель мероприятия – познакомить учащихся с историческим и духовным значением святых мест района. В ходе мероприятия было рассказано, ... Читать дальше »

Просмотров: 39 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.01.2025 | Комментарии (0)


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлттық әдебиетті дәріптеу, отандық жазушылардың шығармаларын ұлықтау, рухани мұраны сақтау және жастар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында Шилі ауылдық кітапханасында «Ұлттық әдебиетті бірге оқиық!» атты әдеби-танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Биыл ел болып қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, жазушы Тәкен Әлімқұлов пен әйгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын оқимыз. Әсіресе, биыл Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Бұл екі тұлғаның есімі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгіге алтын әріптермен жазылады.
Көрмеге келген оқырмандар үшін жазушы мен ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ... Читать дальше »

Просмотров: 58 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 27.01.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях