Главная » 2024 » Май » 30 » «Дәуірдің қайғылы ескерткіші»
11:52
 «Дәуірдің қайғылы ескерткіші»


Елімізде 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Миллиондаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерін парақтайтын айтулы датаға орай Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Дәуірдің қайғылы ескерткіші» атты еске алу сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Аталған іс-шараға Докучаев жалпы білім беретін 10 сынып оқушылары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында «Зұламат жылдар зардабы» кітап көрмесіне шолу жасалды.


Ежегодно с 1997 года 31 мая отмечается День памяти жертв политических репрессий и голода. В центральной библиотеке Наурзумского района прошел час памяти «Дәуірдің қайғылы ескерткіші», посвященный трагическим страницам нашей истории, пропитанных кровью и слезами миллионов невинных людей. Цель мероприятия-увековечить память жертв политических репрессий. Глубже знакомить читателя с их жизненными путями, прививать нравственное воспитание сегодняшним поколениям через каждую книгу, прививать им любовь к Родине, быть верными патриотами своей страны, своей земли, донести до их сознания историческую реальность. В данном мероприятии приняли участие учащиеся 10 класса Докучаевской общеобразовательной школы, которые поделились своими мыслями и ответили на поставленные вопросы. В завершении мероприятия был проведен обзор книжной выставки «Зұламат жылдар зардабы».


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 68 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях