Главная » 2024 » Май » 30


Науырзым аудандық балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарымен «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. 
Іс-шара барысында кітапханашы зұлмат жылдардың қазақ елінің басына әкелген қайғы-қасіретіне тоқталып, Алаш арыстарының  жазықсыз жаламен репрессия құрбанына айналғаны жөнінде тоқталып өтті.
Көрмеге тағдырларына қатал дәуір жылдарындағы азап пен қуғын-сүргін түскен И.Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т. б. есімдері туған халқының тағдырымен тығыз байланысты қазақ авторларының шығармалары қойылды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!

В Наурзумской районной детской библиотек ... Читать дальше »

Просмотров: 38 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.05.2024 | Комментарии (0)


Елімізде 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Миллиондаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерін парақтайтын айтулы датаға орай Науырзым аудандық орталық кітапханасында «Дәуірдің қайғылы ескерткіші» атты еске алу сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Аталған іс-шараға Докучаев жалпы білім беретін 10 сынып оқуш ... Читать дальше »

Просмотров: 36 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.05.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях