Главная » 2025 » Октябрь » 2 » «Қазыналы қарттарым»
10:15
 «Қазыналы қарттарым»


Дәмді ауылында Қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым» атты тағылымды кездесу өтті. Шара барысында ауыл әкімі жүрекжарды құттықтауын білдіріп, елге сіңірген еңбегімен ерекшеленген қарияларды арнайы марапаттады. Кездесу аясында аға буын өкілдерінің өмірлік ұстанымдары мен тағылымды естеліктері тыңдалып, жастар мен қарттар арасында әсерлі сұхбат өрбіді. Шараны шығармашылық өнерпаздар әсем ән-жырымен, көркем әдеби композицияларымен әрлеп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Мектеп оқушылары ата-әжелеріне деген құрметін жүрекжарды тақпақтарымен білдіріп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кездесу соңында арнайы әзірленген ақ дастархан жайылып, көпшілік бірге дәм татты. Бұл ізгі іске ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі мен мектеп ұжымы және оқушылар белсене атсалысты. Шараның басты мақсаты – қарттарға деген құрметті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

В селе Дамды в честь Дня пожилых людей состоялась теплая и душевная встреча под названием “Қазыналы қарттарым” . Аким села поздравил собравшихся с праздником и вручил памятные награды уважаемым жителям, чей труд и вклад в развитие села оставили заметный след.
Во время мероприятия прозвучали воспоминания старшего поколения об их жизненном пути, жизненных принципах и ценностях. Между молодежью и старшим поколением состоялся душевный диалог, наполненный уважением и теплом. Творческие коллективы украсили встречу песнями и литературно-музыкальными композициями, подарив гостям яркие эмоции. Ученики школы выразили любовь и уважение к своим бабушкам и дедушкам через трогательные стихи, за что были удостоены аплодисментов. По завершении встречи был организован праздничный дастархан. В организации мероприятия активное участие приняли сотрудники акимата, работники культуры, коллектив школы и ученики. Основная цель встречи — повышение уважения к пожилым людям, укрепление преемственности поколений и популяризация национальных ценностей.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 33 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях