
Дәмді ауылында Қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым» атты тағылымды кездесу өтті. Шара барысында ауыл әкімі жүрекжарды құттықтауын білдіріп, елге сіңірген еңбегімен ерекшеленген қарияларды арнайы марапаттады. Кездесу аясында аға буын өкілдерінің өмірлік ұстанымдары мен тағылымды естеліктері тыңдалып, жастар мен қарттар арасында әсерлі сұхбат өрбіді. Шараны шығармашылық өнерпаздар әсем ән-жырымен, көркем әдеби композицияларымен әрлеп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Мектеп оқушылары ата-әжелеріне деген құрметін жүрекжарды тақпақтарымен білдіріп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кездесу соңында арнайы әзірленген ақ дастархан жайылып, көпшілік бірге дәм татты. Бұл ізгі іске ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі мен мект
...
Читать дальше »