Главная » 2024 » Февраль » 15 » «Ауған ардагерлеріне тағзым» кездесу кеші
12:05
 «Ауған ардагерлеріне тағзым» кездесу кеші


Раздольный ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кешін өткізді.
Кездесу мақсаты: Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагермен сұхбаттасу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
Шара қонағы ретінде өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагер Гарашов Шахин Губат-оглы қатысты. 
Жерлес ардагеріміз Ауғанстандағы әскери қызметі туралы өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың соғыссыз өмірінің маңыздылығы жайлы ой өрбітті.
Ауыл әкімі Алмаганбетов Ерлан Какимович өз құттықтау тілектерін білдіріп, кітапхана өз шағын сыйлығын ұсынды.

 

Раздольненская сельская библиотека провела вечер встречи «Ауған ардагерлеріне тағзым», посвященный 15 февраля – ко Дню вывода советских войск из Афганистана.
Цель встречи: рассказать об Афганской войне, показать пример подвига братьев-воинов с высоким патриотическим духом.
В качестве гостя мероприятия принял участие ветеран Гарашов Шахин Губат-оглы, который провел некоторую часть своей жизни, своей пылающей юности между пулями и огнем и благополучно вернулся в страну, воссоединился со своей родной землей. 
Наш ветеран-земляк не только вспоминал прошедшие дни о военной службе в Афганистане, делился поучительными историями, но и размышлял о важности жизни будущей молодежи без войны.
Аким села Алмаганбетов Ерлан Какимович выразил свои поздравления и библиотека так же, вручила небольшой подарок ветерану.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 57 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях