Главная » 2024 » Февраль » 15


1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасы Ауған соғысын аяқтап, Ауған-кеңес шекарасын кесіп өтті. 
Осыдан тура 35 жыл бұрын, 10 жылға созылған соғыс аяқталған болатын. 
Осы күнге орай, Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Ауғанстан. Тағы да соғыс жайлы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінде өздерінің халықаралық міндеттерін орындай отырып, асқан батылдықпен күрескендіктерін айта өтті. 
Бұл сұрапыл соғыс ұлдарынан айырылған біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың жадында мәңгі қалмақ. 
Көрмеде ұсынылған материалдар, сол жерде болғандардың өткенін және қақтығыстың ... Читать дальше »

Просмотров: 51 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауған жаңғырығы» тақырыбында  патриоттық кеш болып өтті. 
Шараға Ауған соғысының ардагері Есеев Жұбаныш Уалиұлы мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. 
Шара барысында ардагер оқырмандарға отты жылдардың зардабы, бейбіт өмірдің қадірі туралы кеңірек түсіндіріп, қойылған сұрақтарға толық жауап берді. 
Кездесу барысында Отан қорғаған жауынгерлердің шырқаған әндері назарға ұсынылды.

 

Наурзумская сельская библиотека организовала патриотический вечер на тему «Ауған ... Читать дальше »

Просмотров: 48 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Ағымдағы жылдың 15 күні кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыптық кеші өтті. Жиын барысында сол кездегі болған оқиғаны еске түсіріп сұхбаттасып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әндерін тындады. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлеріне «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» медальдарын Науырзым аудандық мәслихатының төрайымы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы табыстады. Іс-шара барысында «Ерлік–елдің қасиеті» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Просмотров: 52 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында орта және жоғары сынып оқушылары оқырмандарының қатысуымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 35 жылдығына арналған «Ауғанстан – ұмытуға хақымыз жоқ» атты патриоттық альманах болып өтті.  Шара барысында балалар Ауған соғысының тарихымен танысып, оның басталу себептері мен ұзақтығы туралы мағлұмат алып, ауылымыздан шыққан ардагерлердің өмірбаянымен танысты. 
Балалар жергілікті интернационалдық борышын абыроймен атқарған Камалов Н.С. және Хусаинов Е.Д. ардагерлеріміз жайлы кітаптар мен фотоматериалдардан тұратын көрмемен танысып, Ауған соғысы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 
Іс-шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи-мағыналық ақиқаты ... Читать дальше »

Просмотров: 57 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кешін өткізді.
Кездесу мақсаты: Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагермен сұхбаттасу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
Шара қонағы ретінде өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагер Гарашов Шахин Губат-оглы қатысты. 
Жерлес ардагеріміз Ауғанстандағы әскери қызметі туралы өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың соғыссыз өмірінің маңыздылығы жайлы ой өрбітт ... Читать дальше »

Просмотров: 57 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, оқырмандарға «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты тарих сабағын өткізді. 
Іс-шара мақсаты: Ауған соғысы жайында ақпарат беру, ардагер ерлердің ерлігін ұмыттырмау, Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді нығайту. 
Іс-шара барысында біздің ауылдан соғысқа аттанған ардагерлер туралы көрме дайындалып, оқырмандар Ербол Жұмағалиұлы Ыбыраев, Мұхамеджан Елжанұлы Байғазин, Қайрат Құмшұқбайұлы Нысанбаев сияқты елден тыс жерлерде соғысқан қазақстандық жас сарбаздардың өжеттіліктерімен толығырақ танысты.
Сондай-ақ, көрмеде ауған жауынгерлері мен жерлестеріміз жайлы мерзімд ... Читать дальше »

Просмотров: 72 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.02.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях