
Науырзым аудандық орталық кітапханасы Ұлт руханиятының ірі тұлғасы, алаштанушы, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамбедхановтың туғанына 105 жыл толуына орай Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 8 "Б"сынып оқушыларымен портрет кешін өткізді.
Кеш барысында ғалымның тағылымды өмір жолы, Алаш мұрасына адалдығы мен Абай әлемін зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен дәріптелді. Оқушылар баяндамалар жасап, шығармаларынан үзінділер оқып, тұлғаның рухани мұрасымен тереңірек танысты. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ел тарихын құрметтеуге және Алаш идеясын ұғынуға бағытталды.Шара соңында оқушылар Қайым Мұхамбедхановтың өмірі мен шығармашылығын арқау еткен кітап көрмесін тамашалап, ұлт руханиятының терең қатпарларымен сыр шерткен құнды еңбектермен танысты.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|