Главная » 2026 » Январь » 30


Бір ай бойы кітапханада «Кітап талғамының бәйтерегі» атты акция өтті. Кітапханаға келген әрбір оқырман бұл ғажайып ағашты безендіруге қатысты. Әр оқырман «ағашқа» символикалық «жапырақшалар» іліп, өз пікірінше сүйікті шығармалардың атауын жазды.
Нәтижесінде сүйікті кітаптар тізіміне В. Кавериннің «Екі капитан», Ж. Верннің «Капитан Гранттың балалары», А. Пушкиннің «Капитан қызы», «Етік киген мысық», «Домовёнок Кузя», «Бемби» ертегілері және тағы басқа шығармалар енді. Сондай-ақ Джек Лондон мен В. Крапивин авторларының кітаптарын оқу жөнінде жеке тілектер айтылды. Акция барлық санаттағы оқырмандарға арналды. Барлық қатыс ... Читать дальше »

Просмотров: 11 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.01.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында «Сайлау: ертең бүгіннен басталады»  атты  тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Сөреде Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне, Конституцияға, азаматтық құқықтар мен демократиялық құндылықтарға арналған әдебиеттер қойылды.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды Дүниежүзілік сайлау күнінің тарихымен және маңызымен таныстырып, еліміздегі сайлау жүйесі туралы қысқаша мәлімет берді. Оқырмандармен еркін форматта пікір алмасу өткізіліп, сайлауға қатысудың маңызы, әр азаматтың қоғамдағы рөлі жөнінде ой бөлісілді. Талқылау барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Іс-шараның мақсаты:
Дүниежүзілік ... Читать дальше »

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.01.2026 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық орталық кітапханасы Ұлт руханиятының ірі тұлғасы, алаштанушы, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамбедхановтың туғанына 105 жыл толуына орай Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 8 "Б"сынып оқушыларымен портрет кешін өткізді.
Кеш барысында ғалымның тағылымды өмір жолы, Алаш мұрасына адалдығы мен Абай әлемін зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен дәріптелді. Оқушылар баяндамалар жасап, шығармаларынан үзінділер оқып, тұлғаның рухани мұрасымен тереңірек танысты. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ел тарихын құрметтеуге және Алаш идеясын ұғынуға бағытталды.Шара соңында оқушылар Қайым Мұхамбедхановтың өмірі мен шығармашылығын арқау еткен кітап көрмесін тамашалап, ұлт руханиятының терең қатпарларымен сыр ... Читать дальше »

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 30.01.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях