Главная » 2025 » Февраль » 20 » «Алаштың ардақтысы» тарихи сағаты
11:41
 «Алаштың ардақтысы» тарихи сағаты


Шилі ауылдық кітапханасы Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург, Торғай жерінің тумасы Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
Шараның мақсаты – Мыржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның еңбектері арқылы оқырмандардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын ояту.
Іс-шара барысында М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты шығармасына ерекше назар аударылып, жан-жақты талқыланды. Бұл туынды – қазақ халқының азаттығы мен рухани оянуына арналған ұлы үндеу, тәуелсіздікке, дамуға шақырған рухани гимн.
Еліміздің болашағы саналатын жастар Алаш арысы М. Дулатұлының өмірімен танысып, шығармаларын оқи отырып, өздерінің тарихи танымын кеңейтті. Бұл олардың туған жер мен елге деген махаббатын одан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз.

Шилинская сельская библиотека к 140-летию деятеля движения Алаш, великого представителя казахской литературы, поэта, драматурга, уроженца Торгайской земли Мыржакыпа Дулатова провела исторический час «Алаштың ардақтысы».
Цель мероприятия – знакомство с жизнью и творчеством Мыржакыпа Дулатова, популяризация его произведений, воспитание у читателей патриотических чувств и интереса к национальной литературе.
В ходе встречи особое внимание было уделено произведению «Оян, қазақ!», которое стало величайшим призывом к национальному пробуждению, гимном борьбы за независимость и развитие казахского народа.
Молодёжь, которой предстоит нести ответственность за будущее страны, познакомившись с жизнью и творчеством М. Дулатова, расширила свой кругозор и укрепила свою любовь к родному краю и истории.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях