Главная » 2025 » Февраль » 20


Мереке ауылдық кітапханасында «Жемқорлыққа жол берме» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – жемқорлықтың қауіпті дерт екенін көрсету және оған қарсы күресудің әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыру. Көрме аясында оқырмандарға адалдық пен әділдіктің маңызы түсіндіріліп, жастарға да жемқорлықтың зияны туралы үгіт-насихат жүргізілді.
Кітапханаға келген оқырмандар ұсынылған кітаптармен танысып, қоғамдағы әділдік мәселесін қызу талқылады. Олар жемқорлықтың алдын алу үшін ең алдымен адам бойында адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Көпшілігі кітап көрмесінің олардың көзқарасын кеңейтіп, ой салғанын айтты.
Адалдық – жарқын болашақтың кепілі!

В Мереке ... Читать дальше »

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысымен бірлесіп қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан бар ел– шоқтығы биік ел!» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада Шоқан Уәлихановтың заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары туралы сөз қозғалды.  Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқырмандардың Шоқан Уәлиханов туралы білімдерін тереңдету. Сұрақ жауап арқылы жазушының өмір жолын зерттеп білімге, ерлікке, елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында буклеттер лөсті ... Читать дальше »

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2025 | Комментарии (0)


Кітапхана - ауылдық жерлерде тұрғындардың негізгі демалыс орны. Кітапханашының маңызды жұмыстарының бірі – кітап апару. Оның мәні – жасы, денсаулығы немесе жұмысының көптігі себепті кітапханаға келе алмайтын оқырмандарға кітапханашының кітаптарды үйіне апарып беруінде. Бұл кітапхана пайдаланушыларының санын сақтап қалу және оқырман қызығушылығын арттыру мақсатында жасалады.
Раздольное ауылдық кітапханасының кітапханашысы тұрақты оқырмандарына арнайы барып, олардың сұранысы бойынша әртүрлі жанрдағы кітаптар мен журналдарды жеткізді. Оқырмандар алғыстарын білдіріп, бұл кездесуге ерекше қуанды.

Библиотека  в сельской местности является главным досугом сельских жителей. Важной формой  работы библиот ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2025 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург, Торғай жерінің тумасы Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Алаштың ардақтысы» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
Шараның мақсаты – Мыржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның еңбектері арқылы оқырмандардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын ояту.
Іс-шара барысында М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты шығармасына ерекше назар аударылып, жан-жақты талқыланды. Бұл туынды – қазақ халқының азаттығы мен рухани оянуына арналған ұлы үндеу, тәуелсіздікке, дамуға шақырған рухани гимн.
Еліміздің болашағы саналатын жастар А ... Читать дальше »

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях