12:20 | |
|
Дәмді ауылдық әкімшілік, мәдениет үйі, мектеп ұжымы және кітапханашының ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы, ана деген құдірет!» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш барысында аналарға арналған өлеңдер оқылып, әсерлі әндер шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылды. Сонымен қатар көрермен назарына ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылып, шеберлердің еңбектері көпшілікке таныстырылды.Мерекелік кеште ауыл әкімі жиналған қауымды құттықтап, нәзікжанды аналар мен көрермен қауымына гүл шоқтарын табыстады. Сондай-ақ ауылдың мәдени және қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысып жүрген азаматтар арнайы мақтау тақтайшаларымен марапатталды. Кеш мазмұнды өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
