Главная » 2026 » Март » 10


Дәмді ауылдық әкімшілік, мәдениет үйі, мектеп ұжымы және кітапханашының ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы, ана деген құдірет!» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш барысында аналарға арналған өлеңдер оқылып, әсерлі әндер шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылды. Сонымен қатар көрермен назарына ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылып, шеберлердің еңбектері көпшілікке таныстырылды.Мерекелік кеште ауыл әкімі жиналған қауымды құттықтап, нәзікжанды аналар мен көрермен қауымына гүл шоқтарын табыстады. Сондай-ақ ауылдың мәдени және қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысып жүрген азаматтар арнайы мақтау тақтайшаларымен марапатталды. Кеш мазмұнды өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасы халықаралық әйелдер күніне орай «Ананың мейірімі – өмір нұры» атты сезімге толы мерекелік көрме-тақта ұйымдастырды. Іс-шара ауыл әкімдігімен бірлесе отырып өткізілді. Шараға ауыл әкімі мен әкімшілік ұжымы қатысып, аналар мен әйелдер қауымына құрмет көрсетілді.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анамның аялы алақаны» атты әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты – аналардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу, анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. Шара барысында оқушылар ана туралы жүрек тебірентер өлеңдер оқып, жылы лебіздерін білдірді. Кеш әсерлі сәттерге толы болып, аналарға ерекше құрмет көрсетілді.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Сегодня | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях