Главная » 2026 » Апрель » 8 » Қабдеш Жұмаділов. “Тағдыр”.
13:16
 Қабдеш Жұмаділов. “Тағдыр”.


Науырзым ауылдық кітапханасында “Бір ел - бір кітап “акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың “Тағдыр” романына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- оқырмандарды тарихи тағылымға толы шығарма арқылы халқымыздың өткен өмірімен таныстыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.  “Тағдыр” романы- қазақ халқының қилы кезеңдегі өмірін , ел мен жер тағдырың , ұлттық рухани күресін терен бейнелейтін шығарма . Көрмеде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер , сондай- ақ оның басқа да туындылары ұсынылды. Оқырмандар көрме барысында кітаппен танысып қана қоймай , өз пікірлерімен бөлісіп , әдеби талқылауға қатысты.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях