
Науырзым ауылдық кітапханасында “Бір ел - бір кітап “акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың “Тағдыр” романына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- оқырмандарды тарихи тағылымға толы шығарма арқылы халқымыздың өткен өмірімен таныстыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. “Тағдыр” романы- қазақ халқының қилы кезеңдегі өмірін , ел мен жер тағдырың , ұлттық рухани күресін терен бейнелейтін шығарма . Көрмеде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер , сондай- ақ оның басқа да туындылары ұсынылды. Оқырмандар көрме барысында кітаппен танысып қана қоймай , өз пікірлерімен бөлісіп , әдеби талқылауға қатысты.
Просмотров: 7 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 08.04.2026
|
|

«Барлығымыз біргеміз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты әңгіме сағаты Раздольный ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік ұжымы мен оқырмандар қатысып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның алдын алу жолдары туралы кеңінен пікір алмасты. Қатысушылар адалдық пен әділдікті насихаттап, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Әңгіме барысында түрлі мысалдар келтіріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Просмотров: 5 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 08.04.2026
|
|

Оқырмандарға ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің өмірі мен ерлігін таныстыру арқылы жас ұрпақты білімге, батылдыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Ғарышқа ұшқан тұңғыш адам» атты қызықты деректі сағат өткізілді.Шара барысында оқырмандарға ғарыш әлемі таныстырылып, Юрий Гагариннің өмір жолы, ғарышқа ұшуы және оның тарихи маңызы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, балаларға арналған сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып,балалар ғарыш тақырыбына байланысты суреттер бояп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.
В сельской библиотеке села Уленды был проведён познавательный тематический час под названием «Первый человек, полетев
...
Читать дальше »
Просмотров: 6 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 08.04.2026
|
|
|