
Шебер қолдар үйірме оқырмандар арасында шығармашылыққа баулу мақсатында “Қағазбен жұмыс – оригами” шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып, әртүрлі пішіндегі бұйымдар жасауды үйренді. Оригами арқылы балалардың ұқыптылығы, зейіні, қиялы мен қол икемділігі дамиды.
Үйірме барысында оқушылар қарапайым қағаздан әсем гүлдер, жануарлар мен сәндік бұйымдар жасап, өз еңбектерін таныстырды. Бұл жұмыс түрі балалардың эстетикалық талғамын арттырып қана қоймай, еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Сондай-ақ, қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде, әр бала өз қолымен жасаған ерекше туындысымен қуанып, шығармашылық қабілетін шыңдай түсті.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|