
Науырзым ауылдық кітапханасында ауыл әкімшілігімен және мәдениет үйімен бірлесе отырып "Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет"
көп балалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Аталған шараға еріктілер белсене қатысып көп балалы отбасына азық- түлік пен тұрмыстық қажет жаттарды табыстадық. Бұл игі іс мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды. Осындай қайырымдылық шаралары қоғамда қамқорлық пен бірлікті нығайтады. Барша қатысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
|

Шебер қолдар үйірме оқырмандар арасында шығармашылыққа баулу мақсатында “Қағазбен жұмыс – оригами” шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып, әртүрлі пішіндегі бұйымдар жасауды үйренді. Оригами арқылы балалардың ұқыптылығы, зейіні, қиялы мен қол икемділігі дамиды.
Үйірме барысында оқушылар қарапайым қағаздан әсем гүлдер, жануарлар мен сәндік бұйымдар жасап, өз еңбектерін таныстырды. Бұл жұмыс түрі балалардың эстетикалық талғамын арттырып қана қоймай, еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Сондай-ақ, қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өз идеяларын ортаға салды. Нәтижесінде, әр бала өз қолымен жасаған ерекше туындысымен қуанып, шығар
...
Читать дальше »
|

Раздольный ауылдық кітапханасында «Жанашыр» жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында көпбалалы ана Ержанова Айманға қолдау көрсетіліп, азық-түлік түрінде көмек берілді. Іс-шараның басты мақсаты – көп балалы жандарға қамқорлық танытып, қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттау.
|

Шилі ауылдық кітапханасы оқырмандардың шығармашылық шеберліктерін тәрбиелеу мақсатында және де “Шеберлік шуақтары” үйірмесінің жұмысын жүзеге асыру мақсатында “Көктем ғажайыптары” атты шығармашылық круиз ұйымдастырды. Қатысушылармен көктем жыл мезгілі қандай керемет сөздермен байланыстыруға болатынын, көктем ғажайыптарына көңіл бөліп, ақын-жазушылардың осы сырға толы жанару мезгілі туралы жазған шығармаларынан сыр шертіліп, мәнерлеп оқылды.
В рамках реализации творческого проекта «Шеберлік шуақтары» и с целью формирования творческих способностей маленьких читателей провели творческий круиз «Көктем ғажайыптары». В ходе мероприятия мы напомнили ребятам, чт
...
Читать дальше »
|

Ұлыстың ұлы күніне орай Мереке ауылдық кітапханашы мектеп ұжымы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Бақ берекем құт мерекем" атты іс шара ұйымдастырылып шара барысында ауыл тұрғындары ұлыстың ұлы күні әр ауылдың дастарханынан дәм татып ұлттық ойындар мен түрлі мерекелік сыйлықтары мен марапаттады.
|

Дәмді ауылдық кітапханасы «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекелік ассорти өткізді. Ұлыстың ұлы күнінде ауыл тұрғындары бірлік пен берекені дәріптеп, Наурыз көжеден дәм татып, ұлттық ойындарға белсене қатысты. Мереке көркін қыздырған – түрлі сайыстар мен ұлттық ойындар, сондай-ақ ауылдың жанашыр, қолдаушы азаматтарының демеушілігімен ұйымдастырылған тай-құнан бәйгесі болды. Бұл игі шара ауылдың ынтымағы мен ауызбіршілігін айқындай түсті.
|
|