|
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Дәмді ауылдық және мектеп кітапханашылары мен мәдениет қызметкерінің бірлесуімен «Теңге тарихы – егемендіктің тарихы» атты танымдық-викториналық сағат ұйымдастырылды. |
|
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Шолақсай ауылдық және мектеп кітапханаларының бірлесіп ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқырмандарына арналған «Теңге — Тәуелсіздік тірегі» атты танымдық сабақ өткізілді. |
|
Дәмді ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында «Әділетті Қазақстан – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыру – басты міндет» тақырыбында диалог алаңы өткізілді. |
|
Оқырмандарға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, қалыптасуы мен маңызы туралы мағлұмат беру, ұлттық валютаның ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін түсіндіру, қаржылық сауаттылыққа баулу, ақшаны қадірлеуге және үнемділікке тәрбиелеу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің ұйымдастырушысымен біріге отырып «Теңге – мемлекеттің нышаны» тақырыбында тақырыптық сағат өткізілді.Шара барысында оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы, оның 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілуі туралы ақпарат берілді. Теңгенің шығу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталардың ерекшеліктері таныстырылды.Сонымен қатар теңгедегі ұлттық ою-өрнектер, тарихи тұлғалар мен еліміздің м ... Читать дальше » |
|
Шилі ауылдық кітапханасы “Табиғатқа тағзым» атты волонтерлік экологиялық акциясын ұйымдастырды. |
|
Шилі ауылдық кітапханасында “Әлеуметтік саясат, білім және адам капиталы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. |
|
Науырзым ауылдық кітапханасында мектеп кітапханасымен бірігіп Ұлттық валюта күніне орай “Теңге тәуелсіздік келбеті” атты ақпараттық минут өткізілді. Шара барысында оқырмандарға төл теңгеміздің шығу тарихы, оның еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызы туралы ақпарар берілді. Сонымен қатар ұлттық валютамыздың тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды . Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық валютамыз -теңгенің шығу тарихы мен қалыптасуы туралы мағлұмат беру. Теңгенін , еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының маңызды нышаны екенін түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық валютаға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. |
|
Қазақтың көрнекті тарихшы ғалымы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын таныстыру, ғалымның Қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесін насихаттау, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту, ел тарихына деген құрметін арттыру мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Тарих ғылымының тарланы» атты танымдық сағат өткізілді.Шара барысында ғалымның 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келгені, білім жолы мен ғылыми қызметі туралы кеңінен мәлімет берілді. Оның Қазақстан тарихын зерттеудегі еңбектері, Ұлы Отан соғысы тарихын зерделеуге, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тақырыптарын зерттеуге қосқан үлесі атап өтілді. |
|
Науырзым аудандық кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Мемлекеттік қызметші – озық ойлы, білімді тұлға» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен интерактивті викторина өткізді. Іс-шараның басты мақсаты «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу мәдениетін дамытуға, халықтың сыни және талдамалық ойлауын арттыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін жаңғырту бағыталған. |
|
Раздольный ауылдық кітапханасында Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Теңге тарихы – ел тарихы» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл әкімшілігінің ұжымы қатысты. |









