Шолақсай ауылдық кітапханасында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында басталатын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды» атты лекция-әңгіме өткізілді.
Іс-шараға полиция майоры Ғ.Б.Қошқаров, Шолақсай ауылының әкім аппаратының маманы Оспанова Р.Т., мектеп психологы С. Т. Стамқұлова және т.б. белсене қатысты.
Талқылау барысында полиция майоры тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттердің алгоритмі берілген жадынамамен таныстырып, қауіп төнгенде қандай белгі көрсету қажеттілігін үйретті.
Іс-шараның мақсаты: зорлық-зомбылық проблемасына гендерлік сезімталдықты дамыту, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру дағдыларын үйрету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу шаралары туралы қалың жұртшылықты хабардар ету, осы мәселеге қоғамның назарын аудару. Полицияға деген сенім деңгейін арттырып, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.
В Шолаксайской сельской библиотеке в рамках акции «16 дней без насилия в отношении женщин», которая стартует с 25 ноября по 10 декабря, прошла лекция-беседа «Насилию нет оправдания». Мероприятие прошло с участием майора полиции Кошкарова Г. Б., гл. специалиста аппарата акима с.Шолаксай Оспановой Р. Т., психолога школы Стамкуловой С. Т. и др.
В ходе обсуждения были затронуты такие вопросы, как правовая основа деятельности подразделений по защите бытового насилия и каким знаком можно привлечь окружающих, если находишься в опасности. Также, майор полиции ознакомил с памяткой по алгоритму действий по бытовому насилию. Цель мероприятия: обучение навыкам противостояния насилию, повышение информированности широких слоев населения с мерами по предупреждению и пресечению насилия в отношении женщин, привлечение внимания общественности к указанной проблеме. Повышение уровня доверия к органам полиции, укрепление роли семьи в обществе.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|