Главная » 2026 » Февраль » 25 » «Жыр алыбым – Жамбылым»
16:33
 «Жыр алыбым – Жамбылым»


Қазақтың ұлы ақыны,жыр алыбы,халық поэзиясының көрнекті өкілі,айтыс өнерінің ірі өкілі  Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақын жырлары арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту,сонымен қатар жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және поэзияға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Жыр алыбым – Жамбылым» атты әдеби-портреттік кеш өтті.Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды баяндама жасап, оның ел тарихындағы орнына тоқталды. Кешке жиналған қауым Жамбыл жырларының тәрбиелік мәні мен рухани құндылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.Әдеби кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық рухты дәріптеген тағылымды шара болды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях