26 қазан күні аудандық орталық кітапханада «Жыл кітапханашысы-2023» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Байқаудың басты мақсаты: кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана мен оның қызметкерлері яғни кітапханашылардың иммиджін нығайту.
Бас жүлде иегері «Жыл кітапханашысы-2023» Аралбаева Айгерім Базарбайқызы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.«Ізденімпаз кітапханашы» Вовченко Айнагүл Төлегенқызы Шолаксай ауылдық кітапханасының кітапханашысы; «Кітап қорының үздік кітапханашысы» Қорғанбекова Анар Ормантайқызы әдебиетерді өндеу бөлімінің кітапханашысы; «Жаңашыл кітапханашы» Нүрсейтова Жібек Мырзағалиқызы аудандық кітапханасының кітапханашысы; «Инабатты кітапханашы» Сарсенбаева Жанар Сахабайқызы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы; «Көрермен көзайымы» Казыбакова Айгүл Бақытқызы Мереке ауылдық кітапханасының кітапханашысы; «Өнерлі кітапханашы» Мухтарова Әсем Аңсағанқызы балалар кітапханасының кітапханашысы номинацияларына ие болды. Барлық байқауға қатысушылар мадақтамамен сыйлықтармен марапатталды.
Телеграм
Инстаграм
Ютуб-канал
Одноклассники
|