Главная » 2024 » Декабрь » 19 » «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» тақырыптық сағаты
10:57
 «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» тақырыптық сағаты


Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – Желтоқсан. Тең ел екендігімізді рухы биік жастарымыз мойындатқан тарихтың бұл бір тарауы. Дәмді ауылдық кітапханасында «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» атты тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Ұлтымыздың рухын оятқан, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін алаңға шыққан жастарымыздың ерлігін насихаттау – қашанда парыз.
Шара барысында Желтоқсан оқиғасының тарихы және оның қазақ халқының болашағы үшін маңыздылығы туралы айтылды. Арнайы әзірленген тақырыптық сөре Желтоқсан құрбандарын еске салса, Тәуелсіз Қазақстанның мақтаныштары мен осы жолда жеткен белестерін айғақтайтын кітаптардан «Тәуелсіздік тұғырым» атты көрме дайындалды.
Кіші буын оқырмандармен бірге Желтоқсан құрбандарын еске алып, тәуелсіздік туралы жазылған кітаптар мен фотосуреттерге шолу жасалды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты арнайы дайындалған викториналық ойын арқылы қатысушылардың білімдері тексерілді.
Оқырмандармен өткен тақырыптық сағатымыз қызықты әрі мазмұнды болып, тарих беттеріне шолу жасалды.
Мақсатымыз – жастардың тарихи санасын қалыптастырып, тәуелсіздік жолындағы ерлікті насихаттау.

Одним из важнейших событий в истории Казахстана являются декабрьские события. Именно тогда наша молодежь продемонстрировала свой непоколебимый дух и стремление к независимости. В сельской библиотеке Дамды был организован тематический час под названием «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы».
Пропаганда героизма казахской молодежи, вышедшей на площадь за независимость своей страны и пробудившей национальный дух, всегда остается важной задачей.
В ходе мероприятия рассказывалось об истории декабрьских событий и их значимости для будущего казахского народа. Специально оформленная книжная выставка была посвящена памяти жертв Желтоксана, а другая выставка – «Тәуелсіздік тұғырым» – демонстрировала достижения независимого Казахстана, отраженные в соответствующих книгах.
Вместе с юными читателями мы почтили память жертв Желтоксана, ознакомились с книгами и фотографиями, рассказывающими о нашем независимом государстве. Была проведена викторина «Тәуелсіздік ұрпақтары», направленная на проверку знаний участников.
Тематический час с читателями получился интересным и насыщенным, с увлекательным путешествием по страницам истории.
Цель – формирование исторического сознания молодежи и пропаганда героизма на пути к независимости.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях